Алматы облысында әлімжеттік жасаған жасөспірімдер үстінен іс қозғалды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Әлімжеттікпен айналысқан жасөспірімдердің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Алматы облысының Полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
Бейнежазбадан жасөспірімнің өзімен жасты баланың қолынан ағашпен ұрғанын және бетінен жұдырықпен ұрып, құлатқанын көруге болады. Желідегі мәлімет бойынша оқиға Алматы облысы Талғар ауданында болған.
- Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта іс бойынша барлық мән-жайларын зерттеуде толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық ПД.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жас жігітке әлімжеттік жасаған күдікті ұсталғанын жазғанбыз.