Алматы облысында анасы үшін жанжал шығарып, кісі пышақтаған адам сотталды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген айып тағылып отырған адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

суд, судья, сот
Фото: Мұхтар Холдорбеков / Kazinform

Сот мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың желтоқсан айында сотталушы өз үйінде бөгде біреулердің дауысынан оянып, дәлізге шыққан. Онда ол анасының танысымен (жәбірленуші) дауласып жатқанын көрген. Сотталушы мен жәбірленуші арасында ауызша жанжал басталып, төбелеске соңы айналған. Оны айналасындағылар тоқтатқан.

Оқиғадан кейін жәбірленуші сыртқа шығып, үйіне қарай бет алған, бірақ сотталушы оны қуып жетіп, басынан қатты доғал затпен ұрған. Одан жәбірленуші құлап түскен. Содан кейін сотталушы оны ас үйден алдын ала алып шыққан пышағымен арқасына екі рет ұрып, оны екі рет тепкен. Жәбірленуші кейінірек ауыр дене жарақатымен ауруханаға жансақтау бөліміне жеткізілген.

- Сот сотталушыны ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстың ауырлығын, жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, оны 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, - деп хабарлады Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында Instagram арқылы заңсыз лотерея ұйымдастырған азамат жазаланғанын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар