Алматы облысында биыл қанша шақырым жол жөнделеді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында аудан жолдарын жөндеуге биыл 25 млрд теңге бөлінді.

пробки, погода, автомобили, автобус, дорога
Фото: Александр Павский / Kazinform

Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, өңірде автомобиль жолдарының ұзындығы - 5 730 км. Оның ішінде: республикалық маңызы бар жолдар – 1734 шақырым, облыстық маңызы бар жолдар – 3468 шақырым, ал аудандық жолдар – 528 шақырым.

Ведомство 2025 жылы 279 км республиалық маңызы бар жол, 178,1 км облыстық маңызы бар жол және 472 км көше жөндеуден өткенін атап өтті. Өңірде жол-инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жұмыс биыл да жалғасады. 2026 жылы ұзындығы 16,2 шақырым болатын жаңа автомобиль жолдарын салу жоспарланған.

- Оның ішінде 8,1 шақырым жол Балқаш ауданы Бақанас ауылының Северо-Запад көшесінде, сондай-ақ Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының Әбдікәрімов, Жібек жолы, Абай, Малай батыр және Б.Момышұлы көшелерінде салу көзделген, - делінген басқарма жауабында.

Жол жөндеуге қанша қаражат бөлінді

2026 жылы облыс аумағында республикалық маңызы бар 151 шақырым автомобиль жолын, облыстық маңызы бар 62,2 шақырым автомобиль жолын, сондай-ақ 588,03 шақырым аудандық көше-жол желілерін жөндеу жоспарланған.

Аудандар бөлінісінде:

- Балқаш ауданы – 26,31 шақырым;

- Еңбекшіқазақ ауданы – 86,7 шақырым;

- Жамбыл ауданы – 80,23 шақырым;

- Іле ауданы – 65,04 шақырым;

- Талғар ауданы – 60,74 шақырым;

- Қарасай ауданы – 59,22 шақырым;

- Кеген ауданы – 66,3 шақырым;

- Райымбек ауданы – 69,19 шақырым;

- Ұйғыр ауданы – 30,1 шақырым;

- Қонаев қаласы – 23,8 шақырым;

- Алатау қаласы – 20,40 шақырым.

- 2026 жылы жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына жергілікті бюджеттен 23,4 млрд теңге бөлінді. Күрделі жөндеу жұмыстарына – 5,6 млрд теңге, орташа жөндеу жұмыстарына – 8 млрд теңге, күтіп-ұстау жұмыстарына – 6,2 млрд теңге, аудандық жол бөлімдеріне берілетін трансферттерге 3,6 млрд теңге жұмсау көзделген, - деп хабарлады ведомство.

Ал аудандық маңызы бар көше-жол желілерін дамытуға 25,5 млрд теңге қарастырылған.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда биыл қанша шақырым жаңа жол салынатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум