Алматы облысында дауыл кезінде ағаш құлап, ер адам мерт болды

ҚОНАЕВ.KAZINFORM -  7 сәуір күні Шамалған ауылының маңында қатты желден ағаш 46 жастағы ер адамның үстіне құлаған. 

Алматы облысында дауыл кезінде ағаш құлап, ер адам мерт болды
Фото: Polisia.kz

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, ол оқиға орнында қаза тапты.

— Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері мен уәкілетті органдардың қатысуымен жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Азаматтарды қолайсыз ауа райы жағдайында қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше қызметтердің нұсқауларын орындауға шақырамыз, — деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, кеше Алматы дауыл салдарынан 28 ағаш құлап, 3 шатыр ұшқанын жазғанбыз.

Сондай-ақ дауыл салдарынан Алматы ботаникалық бағы бірнеше күнге жабылды.

Соңғы жаңалықтар