14:25, 17 Шілде 2025 | GMT +5
Алматы облысында ер адам әйелін ұрып-соғып, мұрнын сындырған
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысында ер адам әйелін үйде аяусыз ұрып-соққан.

Желідегі мәліметке сәйкес, оқиға Шелек ауылында болған. Жантүршігерлік бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.
Алматы облысының полиция департаменті ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
— Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде болған оқиғаның мән-жайларын объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі. Аталған жұмыстардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады, — деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін әйелді баспалдақтан итерді деп күдікке ілінген Амантай қажыға іс қозғалғанын жазғанбыз.