Алматы облысында итті көлікпен сүйреген адамның үстінен іс қозғалды

ҚОНАЕВ.KAZINFORM – Әлеуметтік желіде көлікке байланған иттің бейнежазбасы тарады. Онда оқиғаның Алматы облысы Жандосов ауылында болғаны айтылған. 

көлікпен сүйреген
Фото: видеодан скрин

– Жандосов ауылы. Итті көлікке байлап қойып сүйреді. Ит тұншығып қалды. Тоқтатып, оны босатқыздық. Ол бастығының итті осылай шығарып тастауды бұйырғанын айтты, - делінген бейнежазбада.

Алматы облысының Полиция департаментінде аталған жағдай бойынша күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

– Күдіктіні Қарасай ауданының полицейлері анықтап, ұстады. Оған қатысты жануарларға қатыгездік жасау бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады облыстық ПД.

Еске салайық, бұған дейін Қонаев қаласындағы ескі гараждар бұзылып, орнына басқа нысандар салынатынын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар