Алматы облысында қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

АСТАНА. KAZINFORM — Қарасай ауданындағы Іргелі ауылдық округі, Көксай ауылының маңындағы заңсыз қоқыс полигонында қоқыс жанған, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Пожар в Петропавловске локализовали, угрозы жилым массивам нет
Фото: СҚО ТЖМ

— Өрт аумағы 400 шаршы метрді құрады. Өрт оқшауланды. Оқиға орнында үздіксіз су беру ұйымдастырылып, арнайы техниканың көмегімен аумақты қалпына келтіру және өрт ошақтарын топырақпен көму жұмыстары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қазір өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Осыдан бұрын Ақтөбеде қоқыс полигонынан өрт шыққанын жазғанбыз.