Алматы облысында Көшпенділер қалашығына жол салынады

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Қонаев әкімдігі Көшпенділер қалашығына жол салынатынын хабарлады.

Көшпенділер қалашығы
Фото: Қонаев әкімдігі

Қонаев қаласы әкімдігінің жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиевтің айтуынша, былтыр Көшпенділер қалашығына жол салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.

— Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда бюджеттік өтінім беріліп, құрылысқа ақша бөлу мәселесі қарастырылады, — деді бөлім басшысы.

Көшпенділер қалашығына жол салынады
Фото: Қонаев әкімдігі

Сонымен қатар Бағдат Алиев Қонаев қаласында 9 маршрут бойынша 28 дана қоғамдық көлік қатынайтынын атап өтті. Былтыр қала автопаркі 2 автобуспен толықса, биыл жаңа 5 көлік алу жоспарланған.

— Әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялауға 2024 жылы Қонаев қаласына 602,2 млн теңге бөлінді. Биылға келісімшарт қаңтар айында жасалады, — деді ол.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылы Алматы облысында 400 шақырымнан астам республикалық автожол жөнделетінін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар