Алматы облысында мектеп бітіруші түлектердің кортежі жол ережесін бұзған

Кортеж выпускников устроил опасную езду в Алматинской области
Фото: Видеодан кадр

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Полиция Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзған кортеж қатысушыларын ұстап, барлық автокөлікті арнайы тұраққа қойды.

Әлеуметтік желілерде кортеж ұйымдастырғандардың видеосы тарады. Онда түлектер жол ережесін өрескел бұзып, көлік терезесінен басын шығарған.

Полиция департаменті көпшіліктің назарын аударған кортежге байланысты түсінік берді. Айтуларынша, кінәлілер жауапқа тартылады.

«Көлiк құралының қарсы қозғалыс жолағына шығуы, жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды тасымалдау және қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағаны, маневр жасау қағидаларын бұзғаны, авариялық жағдай жасағаны, сондай-ақ мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқарғаны үшін бейнеде көрсетілген автокөлік құралдарының жүргізушілері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Автокөліктер айыппұл автотұрағына қойылды», - деп атап өтті Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Өңір полициясы барлық жүргізушілерді ҚР жол ережесін қатаң сақтауға шақырады. Оны елемеу, әдетте, қайғылы жағдайға әкеледі.

Соңғы жаңалықтар