Алматы облысында орналасқан ауылдар мен ауылдық округтердің атаулары өзгереді
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы әкімінің Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауларын қайта атау туралы қаулысы шықты.
Қаулыға сәйкес Іле мен Талғар ауданында орналасқан елді мекендердің атаулары өзгеретін болды:
1. Іле ауданының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауы:
1) Энергетический ауылдық округі Өтеген батыр ауылдық округі;
2) Энергетический ауылдық округінің Покровка ауылы Кенен Әзірбаев ауылы;;
3) Чапаев ауылдық округі және Чапаево ауылы Байкент ауылдық округі және Байкент ауылы;
4) Междуреченск ауылдық округі және Междуреченск ауылы Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылы болып өзгертіледі.
2. Талғар ауданының Панфилов ауылдық округінің Қызыл-Ту-4 ауылы Жібек жолы ауылы болып өзгертіледі.
«Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін әкім орынбасарына жүктеледі. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген қаулы мәтінінде.