Алматы облысында полицейлер нәрестесі бар әйел отырған көлікке соғылды

полиция полицейская машина полиция көлігі
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысында полицейлер жаяу жүргіншілер жолағына тоқтаған көлікке соғылды.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан патрульдік көліктің жаяу жүргіншілер жолағына тоқтаған машинаны арт жағынан соққаны көруге болады. 

Кейін оның ішінен баласын көтерген әйел шықты.

Полиция департаментінен мәлім еткендей, жол апаты 27 маусым күні Алматы-Жандосов тас жолының 25 шақырымында болған.

«Hyundai Elantra және Toyota Ipsum көліктерінің қатысуымен болған жол апатынан ешкім зардап шекккен жоқ. Көліктерге механикалық зақым келген. Апатқа кінәлі адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды»,- деп атап өтті ведомстводан.

Осыған дейін Үлкен Алматы каналы бойымен шығыс бағытта келе жатқан Лада көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, ағашқа соғылғаны туралы жазған едік.

Салдарынан көлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір жолаушы дене жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар