Алматы облысында сот залынан қашып кеткен күдікті 13 күннен кейін ұсталды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Күдікті Ақши ауылында ұсталды.

Алматы облысында 13 күннен кейін соттан қашқан күдікті ұсталды
Фото: Алматы облысы полициясы

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 1 сәуір күні Қарасай ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотының аумағынан қашып кеткен күдіктіні ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері ұстаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қашқынның қозғалу бағыты анықталып, тәртіп сақшылары оның жасырынған жерін тапқан.

— Арнайы бөлім сарбаздарының күшімен күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Негізгі қылмысынан бөлек, оған қамаудан қашқаны үшін Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қосымша айып тағылды, — деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында айыпталушы сот залынан қашып кеткенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар