Алматы облысында су ресурстары және ирригация басқармасының басшысы тағайындалды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы әкімінің өкімімен Саят Маратұлы Қараласов Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Саят Маратұлы Қараласов
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Саят Қараласов 1978 жылы туған. Білімі - жоғары, 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік көлік және коммуникациялар академиясын «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары Алматы қаласының құрылыс басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасында бөлім басшысы, Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2024 жылдың қыркүйегінен Алматы облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.

Еске салайық, Руслан Желдібай қосымша қоғамдық қызметке тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар