Алматы облысында судья мен сот приставы жемқорлық үшін сотталды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысы Іле аудандық соты Талғар аудандық сотының судьясы А.Б.Байғалиев пен осы соттың приставы К.Ж. Раймбековке қатысты үкім шығарды.

сот
Фото: Kazinform

Судья сот приставының делдалдығымен жас баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан өту шарттарын өзгерткені үшін 2 млн теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Байғалиев 4 жылға бас бостандығынан айырылып, делдал Раймбековке 20 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, сотталғандар мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахманова жемқорлық үшін 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар