Алматы облысында тұрғын психотроптық зат дайындап жатқан жерінде ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық қауіпсіздік комитеті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың қызметін тоқтатты.

ф
Фото: ҰҚК

Алматы облысында психотроптық заттарды дайындап жатқан жерінде Қазақстан азаматы ұсталды.

Тінту барысында 3 кг психотроптық «а-PVP» заты, кристалдану сатысындағы 15 кг өнім, 700 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген.

с
Фото: ҰҚК

Қылмыстық кодекстің 297-1-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Шымкентте психотроптық заттармен ұсталған күдікті қамауға алынды.