Алматы облысында ұн зауытында жарылыс болды, зардап шеккендер бар

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Шамалған станциясының маңында орналасқан ұн өндіретін зауытта жарылыс болды.

 Елордада қойма өртеніп жатыр
Фото: ҚР ТЖМ

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 мамыр күні Қарасай ауданына қарасты Жібек жолы ауылында орналасқан ұн өнімдерін шығаратын зауыт аумағында жарылыс болып, өрт шықты.

– Оқиға орнына дереу Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді. Шұғыл штаб құрылып, өрт толық сөндірілді. Қызыл жалын 1377 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттен төрт адам зардап шекті. Олар Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, – деп хабарлады ведомстводан.

Департамент мамандары астық қалдықтарының шаң-тозаңы жаралысқа себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«АзияАгроФуд» басшысы Саян Әшенов төтенше жағдай салдарынан компания қызметкерлері зардап шеккенін атап өтті.

Осыған дейін Алматы облысында патрульдік полицей жанармай бекетіндегі жарылыстың алдын алғаны туралы жазған едік. 

 

 

Соңғы жаңалықтар