Алматы облысында жаңа үлгідегі жол жабындысы сыналып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Алматы облысында «Алматы – Шелек – Қорғас» автожолының 31-32 шақырымында жаңа технология бойынша эксперименттік жол жабындысы төселді.

жол жабыны
Фото: Видеодан алынған кадр

Жол жабындысының басты ерекшелігі – қалыңдығы небәрі 1,2-1,5 сантиметр бола тұра, оның төзімділігі мен беріктігі жоғары. Сонымен қатар, жаңа материалды төсегеннен кейін 30 минут ішінде жол қозғалысын қайта ашуға мүмкіндік бар.

Жоба «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы, Алматы облысы әкімдігі және Қытайдың Huayun Tongda Technology Group Co., Ltd компаниясының бірлескен жұмысы нәтижесінде іске асырылды.

Мамандардың айтуынша, бұл технология жол құрылысына кететін уақыт пен шығынды азайтып, елдегі көлік инфрақұрылымының сапасын арттыруға сеп болмақ.

«Эксперименттік жабынның алғашқы нәтижелері оң бағаланып отыр. Егер тиімділігі дәлелденсе, бұл тәсіл басқа өңірлерде де қолданысқа енгізіледі», – деп атап өтті жобаның инженерлік тобы.

Жаңа үлгідегі жабын климаттық жағдайларға төзімділігімен және ұзақ мерзімділігімен ерекшеленеді.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай технологияны кеңінен енгізу Қазақстан жолдарының сапасын жаңа деңгейге көтермек.

Айта кетейік, елордада жаңа жол учаскелері ашылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар