Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы облысында жаңартылған теміржол стансасы пайдалануға берілді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы Жамбыл ауданында теміржол бекеті жаңғыртудан өтті.

ы
Фото: Жамбыл ауданы әкімдігі

Жамбыл ауданы әкімдігінің мәліметінше, толықтай жаңартылған Қазыбек бек теміржол станциясы бүгін пайдалануға берілді. Тапсырыс беруші - «Қазақстан темір жолы» АҚ» ҰК, ал мердігер ұйым - «Кернеу К» ЖШС.

Жаңғырту барысында станция ғимараты 82 шаршы метрден 214 шаршы метрге дейін кеңейтілген.

к
Фото: Жамбыл ауданы әкімдігі

- Жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. 

Вокзал ғимаратының қасбеті мен ішкі бөлмелері жаңартылып, инженерлік желілер, жылыту, сумен жабдықтау және электрмен қамту жүйелері жаңғыртылды, - деп хабарлады аудан әкімдігі.

ы
Фото: Жамбыл ауданы әкімдігі

Сонымен қатар станция заманауи талаптарға сай жабдықталып, жолаушылар үшін қолайлы күту аймақтары ұйымдастырылған. Навигациялық жүйе жетілдіріліп, жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастырылды.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында Жақсы теміржол вокзалының ғимаратын реконструкциялау жұмыстары аяқталды.