Алматы облысында зорлау ісі бойынша айыпталған ер адам қамаудан қашып кетті

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған азамат К. қашып кетті.

Шымкентте тергеу изоляторында отырған 29 жастағы күдікті қайтыс болды
Фото: almaty.tv

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, осыған байланысты «Дабыл» жоспары енгізілді. Негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды.

«Сонымен қатар, қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында», — деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде жасөспірімге сексуалды зорлық көрсеткен ер адам 20 жыл түрмеге қамалғанын жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар