Алматы облысындағы атом электр станциясының үздік атауына конкурс қашан өтеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ТөрағасыА. Сәтқалиев Алматы облысының Жамбыл ауданындағы атом электр станциясының үздік атауына жалпыхалықтық конкурсты өткізу жөніндегі комиссия құру туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 861 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереженің 14-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 11 тамыздағы Алматы облысының Жамбыл ауданындағы атом электр станциясының үздік атауына жалпыхалықтық конкурсты өткізу туралы ұсынысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Алматы облысының Жамбыл ауданындағы атом электр станциясының үздік атауына жалпыхалықтық конкурс өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Конкурстық комиссия) құрылсын.
Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Конкурстық комиссия туралы ереже бекітілсін.
Конкурстық комиссия:
1) 2025 жылғы 19 қыркүйекке дейінгі мерзімде Алматы облысы Жамбыл ауданындағы атом электр станциясының үздік атауына жалпыхалықтық конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізу қағидаларын бекітсін;
2) 2025 жылғы 17 қазанға дейінгі мерзімде Конкурс өткізілсін және Алматы облысы Жамбыл ауданындағы атом электр станциясының үздік атауы айқындалсын.
4. Агенттіктің Жұртшылықпен байланыс басқармасы:
1) Конкурстық комиссияның құрамын осы бұйрықпен оған қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей таныстырсын;
2) Қазақстан Республикасы халқының арасында бұқаралық ақпарат құралдары және Агенттіктің ресми коммуникациялық арналарында тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Осыған дейіналғашқы АЭС-ке атау берілетіні туралы жазған едік.