Алматы облысындағы республикалық жолдың бір бөлігінде 1 айға қозғалыс шектеледі
АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтЖол» компаниясы көлік жүргізушілеріне үндеу жасады.
Ресми мәліметіке сәйкес, Алматы облысындағы республикалық маңызы бар «Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченск» автомобиль жолының 19+300 шақырымындағы көпірде жөндеу жұмыстарының жүргізіледі. Осыған байланысты биыл 30 шілдеден 25 тамызға дейін аталған учаскеде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
- Осы кезеңде көлік қозғалысы айналма жолдар арқылы ұйымдастырылады. Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілген қозғалыс сызбасын сақтауды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Еске салайық, Алматыда «Шымбұлаққа» апаратын Медеу – Тұйықсу жолында көлік қозғалысы төрт айға шектелді.
Сондай-ақ Алматының Жандосов көшесінде көлік қозғалысына 2 апта шектеу енгізілді.