Алматы облысындағы Шелек өзенінің маңынан қар барысының ізі анықталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің инспекторлары Шелек өзенінің маңында қар барысының ізін анықтаған. 

Алматы облысындағы Шелек өзенінің маңынан қар барысының ізі анықталды
Фото: Көлсай көлдері ұлттық саябағы

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Таушелек орманшылығы аумағында, Шелек өзенінің бойында мемлекеттік инспекторлар Омар Әміриев пен Дүйсен Келдәулет кезекті рейд барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануардың ізін, сондай-ақ таутекелер мен бұғы-маралдарды ұялы телефонға түсіріп алған. 

– Мұндай кадрлар – ұлттық парктің табиғи байлығы сақталып, жануарлар әлемінің тұрақты мекендеп жатқанын көрсетеді. Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз, - делінген бейнежазба мәлімдемесінде. 

Сондай-ақ ұлттық табиғи паркінде жүргізілген басқа рейд кезінде мемлекеттік инспектор Айбол Бектұрсын Мыстөбе аумағында еркін жайылып жүрген жабайы елікті және Бірінші көлдің маңында үйректер тобын камераға түсіріп алған.

елік
Фото: Көлсай көлдері ұлттық саябағының суреттері

Еске салайық, кейінгі жылдары елімізде қар барысының саны артқан.

Соңғы жаңалықтар