Алматы облысының бірнеше ауданы мен Қонаевта жылыту маусымы басталды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысының аудандарында кезең-кезеңмен жылу беріліп келеді. 

Алматы облысының бірнеше ауданы мен Қонаевта жылыту маусымы басталды
Фото: freepik

Облыс әкімдігінің мәліметінше, ауа райы жағдайларын ескере отырып, жылыту маусымы Кеген ауданында 24 қыркүйекте басталды. 1 қазан күні Жамбыл ауданында, 6 қазан күні Талғар, Іле аудандарында және Қонаев қаласында жылу берілді. Қалған аудандар мен қалаларда жылу беру кезең-кезеңімен 15 қазанға дейін жүзеге асырылады. 

– Алматы облысы жылыту маусымына толық дайын. Өңірдің бірнеше ауданында жылу беру жұмыстары басталды. Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында 2,7 шақырым жылу желісі жаңартылды. Бұл шаралар желілердің тозу деңгейін 42%-дан 40%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, - деп хабарлады әкімдіктен.

Сондай-ақ халықты отынмен қамтамасыз ету үшін 696 мың тонна көмір қарастырылған. Бүгінгі таңда өңірге 187 мың тонна (2 710 вагон) көмір жеткізілді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының қай аудандарына жылу бірінші берілетінін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар