Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысы әкімінің өкімімен Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім келді.
Рустам Исатаев енді Еңбекшіқазақ ауданын басқарады.
Рустам Исатаев 1986 жылы туған. 2008 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Дарем университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдап, 2021 жылы Гарвард университетінде «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжау департаментінің бас сарапшысы, Премьер-Министрдің кеңесшісі, Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының консультанты, Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, «Ұлттық компания „Kazakh Invest“ АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы, Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, „Eurasia Group Kazakhstan“ ЖШС вице-президенті, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, Алматы облысы әкімінің орынбасары, Ұлттық Экономика министрінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған.
2026 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Үкімет Аппаратының өңірлік даму және бақылау бөлімінің өңірлік инспекторы болды.
Еске салсақ, Алматы облысының Ұйғыр ауданына жаңа әкім тағайындалған еді.