Алматы облысының конкурдан чемпионаты өтеді
АЛМАТЫ.KAZINFORM — 27 маусымда Almaty Horse & Polo Club ат-спорт кешенінде конкурдан Алматы облысының чемпионаты өтеді.
Дәстүрлі жарысқа Қазақстанның әр өңірінен келген 50-ден астам спортшы қатысып, әртүрлі деңгейдегі бағыттарда бақ сынайды. Турнир барысында шабандоздар мен аттардың үйлесімділігі, шеберлігі, жылдамдығы және дәлдігі сыналады.
Жарыс бағдарламасында әртүрлі күрделілік деңгейіндегі бағыт бойынша балалар, жасөспірімдер және әуесқой шабандоздардың өнер көрсетеді, чемпиондық атақ үшін тартысты бәсеке өтеді.
Көрермендер ат спорты мерекесінің ерекше атмосферасын сезінеді.
Конкур – шабандоз бен аттың өзара сенімі, жоғары дайындық деңгейі мен үйлесімді әрекетін талап ететін олимпиадалық ат спорты түрі.
Айта кетелік Қазақстан ат спортынан Астанадағы халықаралық турнирлерде 14 медаль жеңіп алған еді.