Алматы облысының тұрғындарына сел қаупіне байланысты ескерту жасалды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі осы аймақтағы тауларға демалысқа шығуға тыйым салды. Себебі Талғар өзенінің бассейнінде жиналған су тасуы мүмкін.

природа табиғат горы таулар
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

Аудан әкімдігінің мәліметіне сәйкес, Алматы облысының таулы аудандарында температураның жоғарылауы, мұздықтардың қарқынды еруі және мореналық-мұздық көлдердің толуы, өзен арналарында ағын күшейіп, сел жүруі мүмкін.

- Талғар өзенінің бассейніндегі №19 көл және оның солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде жиналған су жағалауды жырып ағуы мүмкін. Фондық бағалау әдістемесіне сүйене отырып, сел ағындарын болжау бойынша мұздық көлдің серпілісі осы жылдың 6-шы тамызынан басталуы ықтимал. Осыған байланысты Талғар ауданының тұрғындары, қонақтары және демалушылар мен туристерге Талғар қаласының басында орналасқан гиротехникалық қондырғыдан асып тауға, демалыс орындарына шығуға тыйым салынған, - деп хабарлады әкімдіктен.

Сонымен қатар Талғар өзені арнасына жақын орналасқан тұрғын үй иелеріне және жергілікті халыққа үнемі әлеуметтік желілерге, теледидар және радиобайланыс желілеріне назар аудару керек екені ескертілді.

Соңғы жаңалықтар