Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы орталығындағы көшелердің бірі төрт күнге жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Манас көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Алматы орталығындағы көшелердің бірі төрт күнге жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

Атап айтқанда, 31 шілде сағат 19:00-ден 4 тамыз сағат 08:00-ге дейін Манас көшесінің Абай даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толықтай жабылады.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады.

Алматы орталығындағы көшелердің бірі төрт күнге жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

— Осыған байланысты жол жүру бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, — деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, Алматы облысындағы республикалық маңызы бар «Алматы — Төңкеріс — Байсерке — Междуреченск» автомобиль жолының 19+300 шақырымындағы көпірде жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты биыл 30 шілдеден 25 тамызға дейін аталған учаскеде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.