Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы полицейлері алты күн бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді

АСТАНА. KAZINFORM — Алматыда жол қауіпсіздігін бақылау күшейтілді, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицию Алматы перевели на усиленный режим патрулирования и проверок
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

11–16 шілде аралығында Алматы қаласының аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Алты күн бойы полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу деректерін анықтауға баса назар аударады. Атап айтқанда, мас күйінде көлік басқару, қарсы қозғалыс жолағына шығу, белгіленген жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдігін тақпау, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы қағидаларын бұзуы, сондай-ақ қоғамдық көлік, мотоцикл және мопед жүргізушілері тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар бақылауға алынады.

— Жолдағы қауіпсіздік — әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке жауапкершілігінен басталады. Біздің міндетіміз — құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, қайғылы оқиғалардың алдын алып, адам өмірін сақтап қалу. Барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз. Заң мен тәртіп — өзара құрметтен басталатынын әрдайым есте ұстаған жөн, — деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осыған дейін Алматыда қай қылмыстар тыйылмай тұрғанын жазған едік.