Алматы полициясы жүргізушілерге ескерту жасады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы полициясы көлік жүргізушілерін көліктерін қысқа дайындауға шақырды.
«Ауа райының нашарлауына байланысты жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз. Бұл үндеу негізінен қауіптілігі жоғары көліктерді басқаратын қала жүргізушілеріне арналған. Әдетте,күн райының бұзылуы жалпы жол жағдайына әсер етеді. Жүргізушілерге көліктерін қыс мезгіліне алдын ала дайындау керектігін тағы бір ескертеміз. Бұл жолдардағы қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі», – дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев.
Полиция өкілінің сөзінше, Алматыда жыл басынан бері 4815 жол апаты тіркеліп, 403 680 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Көлікті мас күйінде басқарған 2095 жүргізуші ұсталды.
«Жоғарыда келтірілген статистика алаңдаушылық тудырады. Күні кеше ғана «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды. Кейбір жол қозғалысына қатысушылардың тәртібі нашар. Осыған орай, Алматы полициясы құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, профилактикалық жұмыстарды жүргізді. Басты бағыт – балалар жарақатының алдын алу», – деді ол.
Осыған дейін қысқы маусымда жазғы доңғалақпен жүрген жүргізушіге қанша айыппұл салынатыны туралы жазған едік.