«Алматы Су» кәсіпорнының лауазымды қызметкері 5 жылға сотталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – М. Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Бұл туралы Антикор хабарлады. 

«Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры сотталды
Фото: Norma.uz

Бұған дейін 9 қаңтарда Алматы қаласының Бостандық аудандық соты «Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры М. Жолдыбаевтың үкімін жариялады.

— Ол орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою және қаланың кәріз жүйелерін күрделі жөндеу және сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын аудару сылтауымен кәсіпкерден 75 млн теңге жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды, — делінген хабарламада.

Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Қадағалаушы прокуратураның наразылығы бойынша Алматы қалалық соты сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертілді.

— Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, — делінген хабарламада.

Сот залында сотталған адам қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетелік Антикор Ерлан Қожағапановтың ісіне қатысты түсінік берген еді.

Соңғы жаңалықтар