Алматыдағы субұрқақтар 1 мамырда іске қосылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда субұрқақтарды іске қосу үшін дайындық жұмысы жүргізіліп жатыр.1 мамырдан бастап Алматыда субұрқақтар маусымы ресми түрде басталады. 56 коммуналдық субұрқақ кешені іске қосылады, оның 11-і «құрғақ». 

Алматы субұрқақтары 1 мамырда іске қосылады
Фото: Алматы әкімдігі

Субұрқақтар күн сайын сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Олардың жұмысы 1 қазанға дейін созылады. Бұл ретте, қолданыстағы ережелерге сәйкес +5°C төмен температурада субұрқақтарды пайдалануға тыйым салынады.

– Мамандар субұрқақтарды кешенді дайындауды жүргізді: тостағандар мен іргелес аумақты тазарту, хлор мен мыс сульфатын пайдаланып суды зарарсыздандыру, жабдықты бояу және жөндеу, сондай-ақ барлық инженерлік жүйелерді тексеру. Мұндай шаралар қалалық субұрқақтардың қауіпсіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп хабарлады әкімдіктен. 

Алматы субұрқақтары 1 мамырда іске қосылады
Фото: Алматы әкімдігі

Субұрқақтарға техникалық қызмет көрсету мен санитарлық жағдайды Алматы қаласы қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымы – «Eco Almaty» ЖШС қамтамасыз етеді. 

Әкімдіктен атап өткендей, қаланың алты субұрқағына ағымдағы жөндеу жүргізу мәселесі қарастырлып жатыр.

Алматы субұрқақтары 1 мамырда іске қосылады
Фото: Алматы әкімдігі

Осыған дейін Алматыда 15 жыл жөндеу көрмеген 4 ірі субұрқақ жаңғыртылатыны туралы жазған едік. 

Сондай-ақ Республика алаңында орналасқан субұрқақ кешені 4,5 млрд теңгеге жөнделетіні белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар