Алматы тауларында 4 тәулік бойы жасөспірім іздестіріліп жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — 17 жастағы жасөспірім Үлкен Алматы шатқалы маңында жоғалып кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстары төртінші тәулік қатарынан жүргізіліп жатыр.

Алматы құтқару қызметінің мәліметінше, іздеуге 40-тан астам адам жұмылдырылған. Олардың қатарында Алматы қаласының құтқару қызметі (109), Республикалық жедел-құтқару жасағы, ТЖД, шекара қызметі, полиция қызметкерлері мен еріктілер бар. Сонымен қатар 8 техника 4 иісшіл ит және 3 пилотсыз ұшу аппараты тартылған.

Іздестіру үш бағыт бойынша жүріп жатыр:
• Космостанциядан Үлкен Алматы шыңына дейін;
• Алма-Арасан мен Аюсай шатқалына қарай;
• Космостанциядан шекара бекетіне дейінгі жол.
ТЖД жедел штабы «Аюсай» визит-орталығы аумағында орналастырылған.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында тауға шығып, түсе алмай қалған төрт турист құтқарылды.