Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы тауларында адасып кеткен үш жасөспірім құтқарылды

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Алматы маңындағы тауда адасып кеткен үш жасөспірімге көмек көрсетті. 

а
Фото: ТЖМ

Ведомство мәліметінше, оқиға Скалистый шыңы ауданында болған.

2008 жылы туған жасөспірімдердің бірі тауға көтерілу кезінде соқпақтан жаңылып, өздігінен бағытын жалғастыра алмаған. Оқиға орнына жедел жеткен Құтқару қызметінің мамандары оны және жанындағы тағы екі жасөспірімді қауіпсіз жерге алып шықты.

– Құтқарушылар жасөспірімдерді «Алма-Арасан» экобекетіне дейін аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ, – деп хабарлады министрліктен.

ТЖМ азаматтарды тауға шығар алдында бағытты алдын ала жоспарлап, ауа райы болжамын ескеруге және қараңғы түскенге дейін қайту уақытын есептеуге шақырды.

– Сондай-ақ өзіңізбен бірге толық қуатталған ұялы телефон мен қолшам алып жүру және баратын бағытыңыз туралы жақындарыңызға алдын ала хабарлау маңызды, – деп ескертті ведомство.

Айта кетейік, ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасында екі әйел құтқарылды.