Алматыда мамандар жер сілкінісі кезінде бүлінген ғимараттардың бар-жоғын тексеріп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше ғимараттардың қирауына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіліп жатыр.

Алматы
Фото: Александр Павский/Kazinform

— Қазір тиісті мемлекеттік органдар хабардар етілді, ғимараттардың қирауына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіліп жатыр. Жағдай тұрақты, — деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайла департаментінен. 

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз — жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); — көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Жер сілкінісінің координаттары: 42.916 С. Е. 76.766 ш. б. жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км жерде орналасқан. 

Зілзаланың күші Алматыда 2, Қарасай ауданы (Қаскелең) — 2, Қарғалы аулында 2 балл болды.

Соңғы жаңалықтар