Алматы заңсыз салынған 4 қабатты ғимарат бұзылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда кезекті заңсыз нысан сот шешімімен бұзылып жатыр.

Алматы заңсыз салынған 4 қабатты ғимарат бұзылады
Фото: Алматы әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Нүсіпбеков көшесі, 51 мекенжайында орналасқан төрт қабатты заңсыз ғимарат бұзылып жатыр.

Бұған дейін нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, ғимаратты өз еркімен бұзу туралы нұсқама берілген. Алайда нұсқама талаптары орындалмаған.

2025 жылы 8 мамырда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қала құрылысын бақылау басқармасының талап-арызын қанағаттандырып, нысанды бұзу туралы шешім шығарды.

Алматы заңсыз салынған 4 қабатты ғимарат бұзылады
Фото: Алматы әкімдігі

— Сот шешімі орындалуы үшін Әділет департаментіне жолданған. Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды, — деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, 2025 жылы Алматыда заңсыз салынған 42 нысан бұзылды.

Соңғы жаңалықтар