07:45, 01 Қаңтар 2026 | GMT +5
Алматы жаңа жылды «Таза Қазақстан» акциясымен бастады
АСТАНА. KAZINFORM — Алматыда жаңа жылдық концерт аяқтала салысымен «Таза Қазақстан» акциясы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Коммуналдық қызметтер аумақты жедел тазалап, алаңдар мен көшелерден қоқыс жинап, қоғамдық орындарды ретке келтірді.
Акцияға мерекелік концертті тамашалауға келген көрермендер де қосылды. Қала тұрғындары тазалық пен тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосты.
«Таза Қазақстан» бастамасы Алматының жаңа жылды мерекелік көңіл күймен қатар, қалалық ортаға деген жауапты көзқараспен бастағанын көрсетті.
Бұдан бұрын Алматының 8 ауданында Жаңа жылға арналған іс-шаралар өтті. Оның ішінде басты мерекелік концерт Астана алаңында болғанын жазғанбыз.