Алматы зираттарында орын таусылды ма — әкімдік жауабы

  АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда 70 зират бар, оның ішінде 9-ы ашық, ал 61-і жабылған.

Алматы зираттарында орын таусылды ма — әкімдік жауабы
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда ашық зираттарда шамамен 60 гектар бос алаң бар. Бұл алдағы 6–7 жылға жеткілікті.

— Алматыда зираттар ұйымдастыруға арналған жер телімдерімен қамтамасыз ету мәселесі бақылауда тұр және кезең-кезеңімен жоспарлы түрде шешіліп келеді. Сонымен қатар Алматы агломерациясын дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Алматы облысымен бірлесе отырып, балама жер телімдері анықталады. Қазіргі уақытта жерлерді мемлекеттік меншікке рәсімдеу бойынша қажетті процедуралар жүргізілуде, — деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жерлеудің электрондық базасы әзірленіп жатқанын жазғанбыз.

Сондай-ақ Алматыда тарихи тұлғалардың зираттары цифрлық картаға енгізілгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар