Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда 2 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылатын жәрмеңке өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – 24 шілде күні Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі хабарлады.

а
Фото: ҰСБ

Іс-шара сағат 15:00-де Almaty Arena спорт кешенінде (Нұркент шағынауданы, 7) Алматы қаласы әкімдігі мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен Еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен өтеді.

Жәрмеңкеге 100-ден астам жұмыс беруші қатысып, 400-ге жуық сұранысқа ие мамандық пен кәсіп бойынша 2 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынады.

– Келушілер жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, жұмысқа орналасу, кәсіптік оқыту, мемлекеттік гранттар және жұмыспен қамтуды қолдаудың өзге де шаралары бойынша кеңес ала алады, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қосымша жұмыс істеген жағдайда нені білу керек екенін мынау сілтемеден оқи аласыз.