Алматыда 24 тамыз велоспорттан әлем чемпионаты өтеді: Әл-Фараби даңғылы уақытша жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда 24 тамыз күні алғаш рет әуесқой велоспорттан Gran Fondo әлем чемпионаты өтеді.

Алматыда 24 тамыз велоспорттан әлем чемпионаты өтеді: Әл-Фараби даңғылы уақытша жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

Тарихы бір ғасырдан асатын уақыт бұрын Италияда басталған беделі жарысқа Алматыда түрлі елдерден 500-ден астам спортшы жиналмақ. Сайыстар 6 жас санатында өтеді. Ал «Абсолют» санаты бойынша жеңімпаз Gran Fondo World Tour нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанады.

Gran Fondo ашық форматта ұйымдастырылады, яғни дайындық деңгейіне қарамастан ниет білдірген барлық адамдар қатыса алады. Бұл жарысқа орай 24 тамыз күні сағат 04:30–дан 09:30–ға дейін Әл-Фараби даңғылындағы қозғалыс Достық даңғылынан Дулати көшесіне дейінгі аралықта шектеледі.

— Алматылықтар мен қала қонақтарынан көше қозғалысындағы уақытша өзгерістерді ескеруді және сапарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — деп хабарлады қала әкімдігінен.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық студенттер Қытайдағы халықаралық жарыста екі алтын медаль жеңді.

Соңғы жаңалықтар