20:49, 24 Сәуір 2025 | GMT +5
Алматыда 25 адамның атынан заңсыз несие рәсімдеген жас жігіт ұсталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда тұрғындардың атынан заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары аясында полиция қызметкерлері 20 жастағы Алматы қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.
Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, жауап алу кезінде жас жігіт өз кінәсін мойындап, мұндай әрекетті 25 адамның атынан рәсімдегенін айтты.
— Күдікті Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізілді.Мұндай қылмыстар жазасыз қалмайды, — деді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.
Осыған дейін, Алматы облысында «жер алып беремін» деп адамдарды алдаған 62 жастағы әйел ұсталған болатын.