Алматыда 34 жүргізуші қоғамдық көлік басқарудан шеттетілді – прокуратура

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласы Жетісу ауданының прокуратурасы бірқатар автобус парктерінде заң талаптарының өрескел бұзылғандығын анықтады.

Алматыда 34 жүргізуші қоғамдық көлік басқарудан шеттетілді – прокуратура
Фото: Kazinform

Алматы прокуратурасының мәліметінше, «D» санатындағы жүргізуші куәлігі жоқ, көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған, сондай-ақ медициналық қарсы көрсеткіштері бар адамдардың жолаушылар көлігін жүргізуіне жол берілген.

– Анықталған фактілер бойынша 15 автобус паркіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, кінәлі тұлғалар заңда көзделген жауаптылыққа тартылды. Еңбек шарты бұзылған 34 жүргізуші, жолаушылар көлігін басқарудан шеттетілді. Тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа 4 лауазымды тұлға тартылды, - деп хабарлады құқық қорғау органы.

Сонымен қатар қалалық прокуратура наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған адамдардың жүргізуші куәліктерін сот тәртібімен жарамсыз деп тану мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеді.

Еске салайық, Алматы мен Астанада жүргізушісіз такси жобасы іске қосылатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум