Алматыда 790 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы мектептерінде түлектерге аттестат тапсыру рәсімі аяқталды.

в
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, биыл қала бойынша 20 803 оқушы мектеп бітіріген және 30 380 оқушы 9-сыныпты тәмамдады.

у
Фото: Алматы әкімдігі

Оқу жылының қорытындысы бойынша 790 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне ие болды. Сонымен қатар 2 083 мектеп бітіруші үздік үлгідегі аттестат алса, 9-сыныпты аяқтаған 2168 оқушыға үздік аттестат табысталды.

- Биылғы түлектер әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларға да белсенді қатысты. Олар «Мектепке кітап сыйла» және «Мектепке сый» акцияларын қолдап, аумақтарды көгалдандыруға, ағаш пен гүл егуге атсалысты. Сондай-ақ, әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға және арнаулы медициналық мекемелерге қолдау көрсетті, - деп хабарлады әкімдіктен.

мектеп бітіруші
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, Астанада 650 түлек «Алтын белгі» иегері атанды.