Алматыда адам өлімімен аяқталған жол апаты: жеңіл көлік жүргізушісі қамауға алынды

ДТП
Фото: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Мақатаев пен Масаншы көшелерінің қиылысында адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы полиция департаментінен мәлім етті. 

Жол апатына себепкер болған жеңіл көлік жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, рөлде әйел адам болған. 

«Қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығын анықтау тұрғысында сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда», - делінген хабарламадан.

Еске салайық, Алматыда 18-ші бағыттағы автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты. 

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы автобустың ішінде болған жолаушылардың 25-і зардап шеккенін мәлімдеді. 

Кейін қоғамдық көлік камерасы түсірген бейнежазба желіде тарады. 

Соңғы жаңалықтар