Алматыда шіріген ағаштарды кесу неліктен ұзаққа созылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде шіріген ағаштарды кесу жұмысы неліктен ұзаққа созылатынын түсіндірді.

Ағаш кесу
Фото: Алматы әкімдігі

Оның айтуынша, қазіргі уақытта әр ағашты кесу үшін оған толықтай зерттеу жүргізіледі. Сондықтан қураған ағаштарды кесу жұмысының уақыты ұзарған.

— Ағаштарды кесу жұмысы әрдайым дау тудырады. Біреу оны қолдайды, басқа адам қарсы болады. Қазір біз әр ағашқа егжей-тегжейлі зерттеу жүргіземіз. Өйткені «сау ағаштар кесілді» деп бізді кінәлайтындар көп болды. Біз ережелерде бұл сұрақтардың бәрін бекіттік. Енді жер кішкене кепсе, өткен жылы түскен өтініштер бойынша жұмыстарды бастаймыз, — деді әкім.

Еске салайық, биыл Алматыға 320 мың ағаш отырғызылатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар