Алматыда әуе рейстері ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Air Astana бүгін Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің ротациялық кідірісі, сондай-ақ кестедегі өзгерістер жалғасып жатқаны туралы хабарлады.
Бұған дейін әуе компаниясы Airbus A320neo тобындағы ұшақтарда орындалатын рейстердің 3-4 қаңтарға қараған түні ұшып шығуға шектеу қойылғандықтан кешіктірілгендігі туралы хабарлаған еді.
— Әуе компаниясы кестені қалпына келтіру үшін барлық шараны қабылдап жатыр, соның ішінде FlyArystan әуе компаниясының резервтік ұшағын іске қосады. Әуежайға барар алдында әуе компанияның сайтында рейсіңіздің мәртебесін тексерулеріңізді сұраймыз, — делінген хабарламада.
Жолаушылар рейстер кешіккен жағдайда жедел желіге хабарласа алады:
Жедел желі: +7 7272 44 44 78
WhatsApp: +7 702 702 00 74
Online chat: airastana.com
Бұдан бұрын «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлағанын жазған едік.