Алматыда автобус газ құбыры мен бағдаршамға соғылып, жаяу жүргіншіні қағып кетті
Алматыда автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай бағдаршам мен газ құбырына соғылып, жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Кazinform.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан №100 жолаушылар автобусы жолдың шетіне шығып кеткенін көруге болады.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 23 қазан күні түскі сағат 12:00 шамасында Медеу ауданында болды.
«Foton» автобусының жүргізуші Халиуллин көшесімен батыс бағытта келе жатып Тәттібеков көшесінің қиылысында рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып бағдаршам мен газ құбырына соғылды», - деп хабарлады департаменттен.
Жол апаты салдарынан 59 жастағы жаяу жүргінші зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді.
«Бұл факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалады, мән-жай анықталуда», - деп атап өтті ведомстводан.
View this post on Instagram