Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда автобус қағып кеткен әйел көз жұмды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда қоғамдық көлік әйелді қағып кетті.

Алматыда автобус қағып кеткен әйел көз жұмды
Видеодан алынған кадр

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 12 тамыз сағат 12:20 шамасында Бостандық ауданында болған.

— Жеке тасымалдаушыға тиесілі автобустың жүргізушісі Мұстафин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, көшені шығыс бағытта кесіп өткен 1996 жылы туған әйелді қағып кеткен, — деп хабарлады полиция департаментінен.

Алған жарақаттарына байланысты әйел оқиға орнында қайтыс болды. Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша полицияның Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Алматыда жолдағы жанжал кезінде жүргізушіні ұрған күдікті ұсталды.