Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда автоматты суару жүйесі кеңейтіліп келеді

АСТАНА. KAZINFORM — Медеу ауданында 14 шақырымнан астам автоматты суару желісі тартылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматыда автоматты суару жүйесі кеңейтіліп келеді
Фото: Алматы әкімдігі

Жамбыл және Төле би көшелерінде заманауи автоматты суару жүйесін орнату және аумақты көгалдандыру жұмыстары аяқталды.

Мұнда сорғы станциялары орнатылып, шамамен 14 шақырым автоматты суару желісі жүргізілді. Жаңа жүйе жасыл желекті уақытылы суаруға және суды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

— Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Биыл Медеу ауданында 30 жоба іске асырылып жатыр. Оның 10-ы көгалдандыру мен автоматты суару жүйелерін орнатуға бағытталған. Барлық жобаны аудан тұрғындары өздері ұсынған, — делінген хабарламада.

Бұл бастама ағаш, бұта мен көгалдардың жай-күйін жақсартып, қоғамдық кеңістіктерді күтіп-ұстау сапасын арттыруға ықпал етеді.

Бұған дейін Алматыдағы аптап ыстық рекорд жаңартқанын жазғанбыз.