Алматыда әйелдің алтын алқасын шешіп алмақ болған күдікті ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Автобус жолаушысы қоғамдық көлікте ұрлық жасамақ болған адамның іс-әрекетін видеоға түсіріп алған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады.

қалта ұрысы
Фото: Видеодан кадр

Видеодан егде жастағы апаның алтын алқасын оның артында отырған адамның шешіп алмақ болғанын көруге болады. Алматы қаласының Полиция департаменті бейнежазбағы күдікті ұсталғанын және оның іс-әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

- 1983 жылғы азамат ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол бұған дейін өзгенің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, - деп хабарлайды қалалық ПД.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы маңында оқ атқандар ұсталғанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар