Алматыда балабақша қызметкері 4 жасар балаға күш көрсеткен

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнежазбасы тарады. 

балабақша
Фото: Астана әкімдігі

Желідегі мәліметке сәйкес, Алматыдағы жекеменшік балабақшада мекеме қызметкері 4 жасар балаға күш көрсеткен. Оқиға кезінде бөлмеде тағы екі ересек адам болған. Бірақ олар балаға араша түспеген. 

Алматы қаласы Полиция депаратменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

— Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады полициядан.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлда жекеменшік балабақшалар жабылуы мүмкін екенін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар